«Мөлдір бұлақ» тазалық акциясы аясында Қаратөбе және Көксәйек ауылдық округтерінде бірқатар игі жұмыстар жүргізілді. Атап айтқанда, Майбұлақ ауылында орналасқан, ел ішінде қасиетті саналатын «Нұр-Ата» бұлағы мен Көксәйек елді мекеніндегі Георгий әулие бұлақтарының айналасы қоқыстан тазартылды.
Аталған шараға Қаратөбе және Көксәйек ауылдық округтері әкімдіктерінің қызметкерлері мен ауылдың белсенді тұрғындары белсене қатысып, бір кісідей жұмыла еңбек етті.
Республика аумағында «Мөлдір бұлақ» бастамасын жаппай жүзеге асыру қолға алынды. Бұл жоба аясында бұлақтардың көзін ашу, тал егу, жағалаулар мен су айдындарын, аулалар мен саябақтарды тазалау жұмыстары алдағы уақытта да жалғаса береді.
Іс-шараның басты мақсаты — туған жердің табиғатын аялау, бұлақ көздерін ашу және қоршаған ортаны таза ұстау мәдениетін қалыптастыру.
Жауап қалдыру