
Арыс қаласы Монтайтас ауылдық округінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы өтті.
Наурызнаманың Тазару күні аясында ұйымдастырылған іс-шара барысында ауылдық округіміздегі барлық су көздері тазартылып, сулардың арналары ашылып, айналасы қоқыстан тазартылып, абаттандырылды.
Наурыз мейрамымен тұспа-тұс келген бұл игі шараға мекеме қызметкерлері қатысып, су көздерін тазарту, су айдындарының көзін ашу, айналасын қоқыстан тазарту жұмыстарын жүргізді. Акция барысында қызметкерлер белсенділік танытып, қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосты.
«Мөлдір бұлақ» акциясы – табиғатты аялау, су ресурстарын тиімді пайдалану және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама.
Бүгінгі атқарылған жұмыстар – «Таза Қазақстан» бастамасының Монтайтас ауылдық округінде нақты жүзеге асуының айқын дәлелі. Тазалық пен табиғатты қорғау – бір күндік шара емес, ол әрбір азаматтың күнделікті өмір салтына айналуы тиіс маңызды құндылық.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-arys-montaitas/press/news/details/1187702?lang=kk

Жауап қалдыру