
Бүгін Мұнайлы ауданында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы кең көлемде, жоғары деңгейде аталып өтті. Ұлттық құндылықтар дәріптелген мерекелік шарада Батыр ауылы өздерінің киіз үйін тігіп, белсенді түрде қатысып, мерекенің сәнін келтірді.
Салтанатты жиынға облыс әкімі қатысып, тұрғындарды мерекемен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.
Наурыз – береке мен бірліктің, жаңару мен жақсылықтың бастауы.
Баршаңызды Ұлыс күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Наурыз әр шаңыраққа құт-береке, молшылық пен шаттық әкелсін! #DigitalNauryz #Наурыз2026

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-batyr/press/news/details/1188724?lang=kk

Жауап қалдыру