«Наурыз – көктем мерекесі»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

22 наурыз күні қаланың орталық алаңында Наурыз мейрамы кең ауқымда, ерекше сән-салтанатпен аталып өтті. Осы күні ШҚО этнографиялық музейі киіз үйде мерекелік тақырыптық экспозиция дайындады, ол келушілерге қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі және бай мұрасымен жақыннан танысуға, өткен дәуірдің рухын сезінуге, сондай-ақ ұлттық дәстүрлер туралы көбірек білуге мүмкіндік берді. Сондай-ақ, қонақтарға музейдің қор топтамасындағы дизайнер К.Акашованың ұлттық киімдерінен сәнді дефиле көрсетілді. Бірегей бейнелер, дәстүрлі элементтер және ұлттық киімнің заманауи үлгідегі көрінісі мәдени мұрамыздың әсемдігі мен сан алуандығын айшықтай түсті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-cultura-arhiv/press/news/details/1187289?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді