Наурыз көктемнің, бірлікпен келісімнің мерекесі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қаламыздағы орталық стадион алаңы ақтөбеліктер жиналатын орынға айналды мұнда үлкен киіз үй тігіліп, қонақтар қарсы алынып, наурыз-көже, бауырсақ және басқа да ұлттық тағамдар ұсынылды.

Іс-шараны облыстық Білім басқармасы мен Ақтөбе қаласының Астана ауданы әкімдігі ұйымдастырды. Киіз үй тұрғындар мен қала қонақтарын біріктірген негізгі орын болды.

Киіз үй ішінде дастархан жайылып, әрбір келуші ұлттық тағамдардан дәм татып, қазақтың қонақжай дәстүрін сезіне алды. Еркін әңгіме, жылы қабылдау мен салт-дәстүр көрінісі осы күннің ажырамас бөлігіне айналды.

– Алаң аумағында ұлттық ойындар ұйымдастырылды.

Қатысушылар ептілік пен күш сынасып, көрермендер оларға қолдау білдіріп, ерекше көңіл-күй қалыптастырды.

Бұл шара ұлттық дәстүрлерді насихаттаудың және ұрпақтар сабақтастығын көрсетудің жарқын үлгісі болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-bilim/press/news/details/1187221?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді