15 наурыз «Қайырымдылық» күні. Бұл күн бізді татулыққа, бірлікке және өзара көмекке шақырады. Біз бүгінгі күнімізді игі іске арнап, көмекке мұқтаж жандарға қуаныш сыйлауға тырыстық. Ақжал кенті әкімдігі және кенттің пошта қызметкерлері бірлесіп әлеуметтік осал топқа жататын кент тұрғындарына азық-түлік себетін табыстадық.
Азық-түлік себетін үлестіру – бұл тек материалдық көмек емес, бұл «біз біргеміз» деген үлкен қолдаудың белгісі.
Айналамызға қарайық, мүмкін көршіге немесе танысымызға жылы сөз бен кішкене көмек қажет шығар? Жақсылықты бүгіннен бастайық!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-akzhal/press/news/details/1188316?lang=kk

Жауап қалдыру