
Өкілдік Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Сураева К. «Еркіндік рухы» жастар қанатының өкілімен бірлесіп, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Кубогына арналған шағын футболдан алғашқы турнирді ұйымдастыруға және өткізуге қатысты.
Жарыс Алматы қаласындағы №11 мекеменің (кәмелетке толмаған сотталғандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіздік деңгейіндегі) спорт базасында өтті. Сайысқа үш команда қатысып, жеңімпаз атанған – «Рузаевка» командасы.
Турнир тек спорттық шара ғана емес, сонымен қатар салауатты өмір салтын насихаттауға және жастарды қолдауға бағытталған маңызды әлеуметтік бастама болды.
Жеңімпаздар мен қатысушылар дипломдармен, соның ішінде арнайы номинациялар бойынша марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-almaty/press/news/details/1187528?lang=kk

Жауап қалдыру