ӨРТ ҚАУІПТІ КЕЗЕҢДЕ ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТАР ҚҰРМЕТТІ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ НАЗАРЫНА!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазіргі таңда “санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру” іс-шаралары өткізілуде.

Іс-шаралар барысында тұрғын үй ауласында қоқыстарды жинау және отқа жағу кезінде талаптарды бұзу салдарынан соңғы кезде құрғақ шөптер мен қоқыстардың жану жағдайлары, абайсыздық, немқұрайлық өртке және түзелмейтін зиянға алып келу жағдайлары орын алуда.Сондықтан төмендегі жағдайларды ескертеміз!

-Тұрғын үй ауласын тазалап қоқыс қалдықтарды өртегенде соңына дейін сөндірілуін қадағалау;

-егіс даласындағы күріш сабанымен, қураған шөп қалдықтарын өртегенде сол маңдағы қора-жайларға, жақын орналасқан елді мекендегі қора ішіндегі жиналған қамыс шөптерге, тоғайлы-далалы алқаптарға от тиіп кетпеуін қадағалау;

-көктемгі дала жұмыстарын жүргізу кезінде барлық ұйымдардың өрт қауіпсіздігі талаптарын сақталуын бақылауды күшейту, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жерлерінде бақыланбайтын өртеуге жол бермеу шараларын қабылдау;

-дала жұмыстарын бастау алдында ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын шөпті, ауыл шаруашылығы қалдықтарын бақыланатын өртеуге міндеттеу, бұл туралы ауылдық округ әкімдеріне және аудандық мемлекеттік өртке қарсы қызметіне хабарлау;

-орман және дала алқаптарында, сондай-ақ егіс науқанын өткізу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау.

Ескерту!

Сөндірілмеген отты қараусыз қалдырған жағдайда, ҚР “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” Кодексінің 410,336 бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

 ӨРТ-ТІЛСІЗ ЖАУ!

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН АЛДЫН АЛҒАН АБЗАЛ!

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kazaly-arandy/press/news/details/1188953?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді