Петропавлда тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Облыс әкімі  қаланы аралау барысында тұрғын үй құрылысының барысымен танысты.

Аралау кезінде Жұмабаев көшесінде салынып жатқан 72 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы тексерілді. Аталған нысан Заречный кентінің тұрғындарын көшіруге арналған. Құрылысты аяқтау және тұрғындарды қоныстандыру ағымдағы жылдың төртінші тоқсанына жоспарланған.

Сонымен қатар, өңір басшысы Исмаилов және Парковая көшелерінің қиылысында бой көтеріп жатқан 54 пәтерлі бизнес-класс санатындағы коммерциялық тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарымен танысты.

Жауапты мердігер ұйымдарға құрылыс мерзімдерін қатаң сақтау, сондай-ақ барлық кезеңдерде атқарылатын жұмыстардың сапасын қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берілді. Жалпы, 2026 жылы Петропавл қаласы бойынша шамамен 215 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/1187257?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді