
Қаланың базарларының бірінің аумағында жасалған ұрлық қылмысын Орал қаласы Полиция басқарамасы криминалдық полиция қызметкерлері ашты.
Оқиға күндізгі уақытта болған. Қаскүнемдер еркін кіру мүмкіндігін пайдаланып, тұрақта тұрған автокөліктің жүксалғышынан тауарды ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 42 000 теңгені құрады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктілерді анықтап, ұстады. Ұрланған мүлік тәркіленіп, иесіне қайтарылды.
Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.
Полиция азаматтарды сақтық шараларын сақтауға, мүлікті қараусыз қалдырмауға және қырағылық танытуға шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zko/press/news/details/1189024?lang=kk

Жауап қалдыру