
Қала әкімі Әділет Нұрсағатұлы азаматтарды қабылдау орталығында тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға 30-ға жуық тұрғын келіп, бөлім басшылары, коммуналдық қызмет өкілдері қатысты.
Жеке қабылдау барысында баспана, абаттандыру, жол жөндеу, аялдама жай-күйі және кәсіпкерлікке қатысты мәселелерді көтерді.
Қала басшысы қабылдауда азаматтардың өтініш-тілектерін тыңдап, түйткілді мәселелерді шешу жолдарын заңды тұрғыда түсіндірді. Және тиісті бөлім басшыларына, нақты тапсырмалар берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey/press/news/details/1188152?lang=kk

Жауап қалдыру