Қалалық медициналық мекемелердің ДКК төрағалары мен жалпы тәжірибе дәрігерлерін оқыту семинары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылдың 5 наурызында Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен қала көлеміндегі медициналық мекемелердің жалпы тәжірибе дәрігерлеріне арналған «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу ережелері мен мүгедектіктің негізгі мәселелері» тақырыбында оқыту семинары өткізілді.
Семинар барысында 2025 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша қалалық медициналық мекемелердің мүгедектікке шығу көрсеткіштері, проактивті сырттай куәландырудың үлесі мен сапасын арттыру бойынша бірлескен жұмыстар талданып, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығымен бекiтілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргiзу қағидаларына сәйкес медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдау тәртібі баяндалды. Сонымен бірге, Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ж.Абдолов техникалық көмекші құралдарға оңалтудың жеке бағдарламасының әлеуметтік бөлігін дайындау сұрақтары бойынша, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығының БҚО бойынша филиалының басшысы Д.Искакова кохлеарлық имплантациядан кейінгі балаларға оңалту іс-шараларын жалғастыру, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысының орынбасары З.Жумабаева медициналық-әлеуметтік сараптамаға негізсіз жолданғандар бойынша шараларды атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-zko/press/news/details/1187725?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді