
Қарағанды барысы турниріндегі погонды алыптардың айқасы. Қарағанды қаласында «Динамо» спорт кешенінің базасында ұлттық күрестен «Қарағанды барысы» атты ауқымды турнир өтті. Ең мықты атану үшін өткен тартысты белдесулерге өңірдің күштік құрылымдарының 10 құрамасынан 97 қатысушы қатысты. Турнир жай ғана жарыс емес, төзімділікке, тактикалық шеберлікке және ата-баба дәстүріне адалдыққа арналған үлкен сын болды. Кілем үстінде салауатты бәсеке мен жауынгерлік бауырластықтың ерекше атмосферасы сезілді. Салмақ дәрежелері бойынша жеңімпаздар: 55 кг дейін: Алтын жүлде — Сабыржан Нұрпейіс (ОЖВ). Күміс — Рүстем Төлеухан (ЖҚАЖ), қола — Жалғас Батырхан (ІІМ Академиясы). 60 кг дейін: Бірінші орын — Нариман Тұтқышев (ЖҚАЖ). Жүлдегерлер қатарында ІІМ Академиясының курсанттары Жалғас Қанатқан мен Бексұлтан Баймырза. 66 кг дейін: Барлық жүлделі орындар арнайы бөлімдер мен құқық қорғау органдары өкілдеріне бұйырды: Досжан Әбілқас (ЖҚАЖ) — 1 орын, Нұрбол Амангелді (ЖҚАЖ) — 2 орын, Нұрмұхан Төлеухан (ПБ) — 3 орын. 74 кг дейін: Жеңімпаз — Ниетхан Төлеухан (ОЖВ), күміс — Мағжан Әбибулла (Академия), қола — Айбек Бақтияр (Ақтоғай ауданының ПБ). 82 кг дейін: Ең мықты — Төлепберген Қайырғали (ОЖВ). Жүлдегерлер — Қазбек Қабдығаниев (ТЖД) және Қалдыбек Махмұд (ЖҚАЖ). 90 кг дейін: Көшбасшы — Мұхит Қарғабай (ОЖВ). Үздік үштікке Марғұлан Баянов (ЖҚАЖ) және Жасұлан Нұрмағанбетов (ОЖВ) енді.
100 кг дейін: Алтын медаль — Ақниет Оралов (ТЖД). Одан кейін Даулет Искаков (ППП) және Бекзат Ермеков (Ұлытау облысы). 100 кг жоғары: Ең мықты — Самат Амантаев (ЖҚАЖ). Күміс және қола жүлде иегерлері — Құдайберген Төлеубаев (Ұлытау облысы) және Сержан Бейсенбаев (ПБ). Күннің басты оқиғас: Абсолюттік біріншілікте «Қарағанды барысы» құрметті атағын Қарағанды қаласының Полиция басқармасы патрульдік полиция полкі командирінің орынбасары Даулет Искаков жеңіп алды. Ол аса тартысты финалдық белдесуде өзінің басымдығын дәлелдеп, турнирдің абсолютті чемпионы атанды. Іс-шара салтанатты марапаттау рәсімімен аяқталды. Жеңімпаздарға медальдар мен грамоталар табысталып, олардың жоғары деңгейдегі дене дайындығы мен кәсібилігі атап өтілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-karaganda/press/news/details/1188160?lang=kk

Жауап қалдыру