Қарағанды облысы туризм үшін жаңа серпін алуы мүмкін

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мемлекет басшысы қол қойған туризм саласын қолдау туралы жаңа заң– бұл нақты даму мүмкіндіктері.

Гидтер мен экскурсоводтар үшін жұмыс істеу шарттары жеңілдетіледі. Бұл Қарқаралы ұлттық паркі немесе өңірдің тарихи-мәдени нысандары сияқты жерлерде тәуелсіз мамандар мен авторлық маршруттардың көбеюіне мүмкіндік береді.
– Заң визит-орталықтарға басымдық береді – туристерді тартатын заманауи нүктелер. Қарағанды облысы үшін бұл Қарқаралыдан Теміртауға дейінгі табиғи және индустриялық көрікті жерлерді жүйелі түрде дамытуға мүмкіндік.
– Мемлекет туристік инфрақұрылым салуға кеткен шығындардың бір бөлігін бизнеске өтеуге дайын: жол бойындағы сервистер, орналастыру орындары, көлік. Бұл өңір ішіндегі инвесторлар үшін тікелей сигнал.
– Туроператорларды қолдау және туристік автобустардың шекарадан өтуін жеделдету. Бұл өңірді шетелдік туристер үшін қолжетімді ете алады, әсіресе оның бірегей индустриялық және табиғи мұрасын ескерсек.
– Балалар үшін ұлттық парктерге кіру тегін болады. Бұл ішкі туризмді арттырып, Қарқаралы сияқты бағыттарды отбасылар арасында одан әрі танымал етеді.

Жаңа заң – бұл тек жалпы реформалар емес, өңірлер үшін нақты мүмкіндіктер.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-kasipkerlik/press/news/details/1188925?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді