Қарағанды облысында Балалардың құқықтарын қорғау басқармасы құрылады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарағанды облысында балалардың құқықтарын қорғау күшейтіледі: осы бағытта жеке басқарма құрылады. Жаңа орган баланың қауіпсіздігі мен әл-ауқатына жауапты барлық қызметтердің жұмысын үйлестіретін болады.

Тиісті шешімді облыстық мәслихат депутаттары кезектен тыс XXXIII сессияда қабылдап, өңірді басқару құрылымына өзгерістер енгізуді бекітті.

Облыс әкімінің аппаратының басшысы Ерлан Ғалиевтің айтуынша, басқарма Үкімет қаулысына сәйкес құрылып отыр. Ол қазіргі таңда балалардың құқықтарын қорғау мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері аса өзекті екенін атап өтіп, жаңа орган осы бағыттағы негізгі құрылымға айналатынын жеткізді.

Сондай-ақ депутаттар ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының атауын өзгерту туралы ұсынысты қолдады. Енді ол цифрлық технологиялар басқармасы деп аталады. Оның құзыреті кеңейтіліп, соның ішінде жасанды интеллектіні дамыту саласын да қамтитын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1187456?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді