
Сенбілік барысында белгіленген аумақтарда тазалық жұмыстары жүргізіліп, қоршаған ортаны қорғау бағытында кешенді шаралар атқарылды.
Атап айтқанда, іс-шараға 350-ге жуық адам қатысып, 12 арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 100 тоннаға жуық тұрмыстық қалдық шығарылып, аудан аумағында 780 көшет отырғызылды.
– Әрбір таза көше, әрбір егілген көшет — болашаққа деген қамқорлықтың белгісі. Қоршаған ортаны таза ұстау тек бір күндік сенбілікпен шектелмейді, ол — әр адамның күнделікті әдетіне айналуы тиіс, – дейді сенбілікке қатысушы.
Сенбілікке аудан тұрғындары мен мемлекеттік қызметшілер белсенді түрде қатысты.
Бүгінгі тазалық – ертеңгі жарқын өмірдің кепілі.
Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/1187277?lang=kk

Жауап қалдыру