Қазақстан CERAWeek конференциясында мұнай саласын дамытудың басым бағыттарымен таныстырды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Хьюстон, 2026 жылғы 25 наурыз – CERAWeek халықаралық энергетикалық конференциясы аясында Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов «Мұнай нарығының жаһандық болжамы: іргелі факторлар және геосаяси турбуленттілік» атты сессияға қатысты.

Өз сөзінде министр Қазақстанның мұнай саласының қазіргі жағдайын таныстырды. Елдің әлемдік нарыққа сенімді энергия ресурстарын жеткізуші ретіндегі жайғасымын сақтап отырғаны атап өтілді.

Министр сала алдында тұрған негізгі сын-қатерлерді, соның ішінде энергетикалық қауіпсіздік мәселелерін, атап айтқанда Қазақстан мұнайының негізгі бөлігі экспортталатын Каспий құбыр консорциумының (КҚК) тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету қажеттігін белгіледі. Бұл бағыттың ұлттық экономика үшін аса маңызды екені және оның үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету қажеттігі ерекше атап өтілді.

Сондай-ақ, баяндамада мұнай-газ саласындағы инвестициялық ахуалды жақсарту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Министр салықтық жеңілдіктерді көздейтін және геологиялық барлау мен көмірсутектер өндіруге жаңа инвестициялар тартуға бағытталған Жетілдірілген үлгілік келісімшарттың қолданыста екенін атап өтті.

Сонымен қатар, мұнай-газ химиясын дамыту бойынша стратегиялық жоспарлар да айтылды. Қазақстан мұнай өңдеу қуаттарын екі есеге арттыруды көздейді, бұл ішкі нарықты қамтамасыз етіп қана қоймай, Орталық Азия өңіріндегі мұнай өнімдерін жеткізуші ретіндегі елдің жайғасымын нығайтуға мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, CERAWeek конференциясы аясында Энергетика министрі Е.Ақкенженов АҚШ Энергетика министрі К.Райтпен және америкалық ірі мұнай-газ компанияларының басшылығымен кездесулер өткізді.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-washington/press/news/details/1188988?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді