Қазақстанда қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундау (ҚЖИ).

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қосымша жаппай иммундау (ҚЖИ) – қызылшаға қарсы эпидемиологиялық жағдай нашарлаған кезде жүргізілетін жоспардан тыс егу бағдарламасы.

Қазақстанда ҚЖИ келесі жағдайларда енгізіледі: аурушаңдық деңгейі жоғарылағанда, аймақтарда ауру ошақтары болған кезде және вакцинацияланбаған адамдар көп болған кезде.

Мақсаты – ұжымдық иммунитетті жылдам қалыптастыру және инфекцияның таралуын тоқтату.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша:

  1. Қосымша (нөлдік) доза: 6-11 айлық балалар, эпидемия кезінде уақытша енгізіледі, жоспарлы вакцинацияларды алмастырмайды (1 жас және 6 жас).
  2. Қосымша иммундау: 2-5 жас аралығындағы балалар, егер олар жоспарлы екпелерді өткізіп алған болса.
  3. Жедел иммундау: 7-18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер, егер вакцинацияланбаған болса, толық вакцинацияланбаған болса, вакцинация туралы деректер болмаса.
  4. Ересектер тәуекел топтары: расталған вакцинациясыз 30 жасқа дейінгі медицина қызметкерлері. Біріктірілген ҚПҚ (қызылша, паротит, қызамық) вакцина қолданылады.

 

Әулиекөл аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ»  бас маманы Искакова Б.С .

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-auliekol-audany-akimat/press/news/details/1187501?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді