Қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерінің бірі – Көрісу күні. Бұл күн жыл сайын 14 наурызда атап өтіледі.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерінің бірі – Көрісу күні. Бұл күн жыл сайын 14 наурызда атап өтіледі. Көрісу күні адамдар бір-бірімен қауышып, амандасып, өкпе-ренішін ұмытып, ақ тілектерін айтып, үлкендерге құрмет көрсетеді.
Бұл күні жастар үлкендердің үйіне барып сәлем беріп, батасын алады. Ал үлкендер ақ батасын беріп, татулық пен бірлікті тілейді. Көрісу – тек амандасу ғана емес, ол халықтың сыйластығы мен бауырмалдығын, бірлік пен ынтымағын білдіретін ізгі дәстүр.
Сондықтан Көрісу күні – адамдарды жақындастырып, мейірім мен сыйластықты арттыратын, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін ерекше күн.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-sarkan-karashygan/press/news/details/1188551?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді