ҚР Сыртқы істер министрі БАӘ Елшісін қабылдады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астана, 2026 жылғы 24 наурыз – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстан Республикасындағы Елшісі Мұхаммед Әл-Арикиді қабылдады.

Кездесу барысында тараптар Таяу Шығыстағы ахуалды талқылап, өңірлік қауіпсіздік мәселелері бойынша пікір алмасты. Сондай-ақ сұхбаттасушылар екі ел арасындағы саяси диалогтың жоғары деңгейін, сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстардың қарқынды дамуын атап өтті.

Е.Көшербаев өңірдегі шиеленістің күшеюіне алаңдаушылық білдіріп, Қазақстанның барлық даулы мәселелерді халықаралық құқық қағидаттары негізінде тек саяси-дипломатиялық жолмен реттеуді қолдайтынын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, сондай-ақ халықаралық және өңірлік ұйымдар аясындағы іс-қимылдарды үйлестіруге бейілділігін растады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1187102?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді