Құрметті аудан тұрғындары! Ардақты ағайын!

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
🇰🇿Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
 
⚜️Әз-Наурыз – береке мен бірліктің, жаңару мен жақсылықтың жарқын мерекесі. Көне дәстүрден бастау алған бұл мейрам түркі халықтарының рухани қазынасына айналып, бүгінгі таңда барша халықты біріктіретін ұлы мерекеге айналды.
 
✅Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Наурыз мейрамы жаңа мазмұнға ие болып, 2024 жылдан бастап 14–23 наурыз аралығында «Наурызнама» онкүндігі ретінде атап өтілуде. Бұл күндер ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, қоғамдағы татулық пен бірлікті нығайтуға бағытталған.
 
✅ 15 наурыз күні еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиға – республикалық референдум өтті. Бұл тарихи сәтте халқымыз бірлік пен жауапкершілік танытып, ел болашағы үшін маңызды таңдау жасады. Мұндай қадамдар мемлекетіміздің тұрақты дамуы мен демократиялық бағыттағы ілгерілеуінің айқын көрінісі.
 
✅Ауданымызда да әлеуметтік-экономикалық даму бағытында жүйелі жұмыстар жалғасуда. Индустриялық аймақтарды дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу, инфрақұрылымды жақсарту арқылы тұрғындардың әл-ауқатын арттыру – басты назарда.
 
Құрметті жерлестер!
 
✅Көктем – жаңару мен тазалықтың мезгілі. Осы орайда қоршаған ортаны қорғап, туған жерімізді көркейту – баршамызға ортақ міндет. Аула мен көшелерді таза ұстап, ағаш отырғызу игі дәстүрге айналсын.
 
✅Төле би бабамыз айтқандай, «Ынтымақ – ырыс қайнары». Бірлігіміз бекем болып, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
Наурыз мейрамы әр шаңыраққа шаттық, береке, денсаулық пен молшылық әкелсін!
 
Ізгі ниетпен,
аудан әкімі
Еркеғали Әлімқұлов

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/1187714?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді