
Сіздерді жаңару мен жасампаздықтың жарқын нышаны, жыл басы – Ұлыстың ұлы күні Әз Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Наурыз – табиғаттың түлеп, тіршіліктің қайта жанданып, үміттің шырағы жағылатын ерекше кезең. Бұл – ата-бабадан аманат болып жеткен асыл дәстүрлерімізді жаңғыртып, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтайтын, адамзат баласын ізгілік пен татулыққа үндейтін ұлы мейрам. Осындай шуақты сәтте ағайын-туыс қауышып, ақ дастархан басында бас қосып, ақ тілектерін арнап, бір-біріне мейірім мен құрмет көрсетеді.
Көктеммен бірге келетін бұл күн әр жүрекке жылулық сыйлап, ел ішіндегі бірлік пен берекені бекемдей түседі. Наурыз – тек табиғаттың емес, адам жанының да жаңаратын, сенім мен серпіліс сыйлайтын тағылымы терең рухани мейрам.
Шардара – еңбегімен өркендеген, бірлігімен бекем, болашағына нық сеніммен қарайтын азаматтардың қасиетті мекені. Ауданымыздың өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосып жүрген барша тұрғындардың табанды еңбегі мен жанашырлығы өңіріміздің дамуына тың серпін беріп келеді. Бірлігіміз бекем, мақсатымыз ортақ болса, алар асуымыз әлі алда екеніне сенімім мол.
Ұлыстың ұлы күні әр шаңыраққа шаттық пен қуаныш әкелсін! Көктемнің шуағымен бірге жүректеріңізге жылулық орнап, әр отбасыға ырыс-береке, бақ-дәулет, зор денсаулық пен толағай табыстар тілеймін. Әрбір күніңіз қуанышқа, әрбір ісіңіз берекеге толы болсын!
Әз Наурыз құтты болсын!
Ізгі құрметпен,
Аудан әкімі Арман Романұлы Қарсыбаев
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1188187?lang=kk

Жауап қалдыру