Рахат ауылдық округіне қарасты Өрікті ауылында су құбырларын жөндеу және ауыстыру жұмыстары жүргізілуіне байланысты көктем мезігілінде ішкі жолдардың қазылған жерлері түсіп, шұңқыр болған жерлерін Рахат ауылдық округі әкім аппараты Мердігер мекемесімен бірлесе отырып, қалпына келтіру жұмыстары жүзеге асырылуда. Көктемгі қар еру кезеңінде жолдардың төмен түсіп кеткен бөліктері мен шұңқырлары қалпына келтіріліп, құм-тас төсеу жұмыстары жүргізілді. Аталған жұмыстар ауыл тұрғындарының қауіпсіздігі мен қолайлылығын қамтамасыз ету мақсатында атқарылды. Жоғарыда аталған жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbekshikazakh-rahat/press/news/details/1187263?lang=kk

Жауап қалдыру