RoboBastau білім беру жобасы аясындағы робототехника бойынша облыстық іріктеу турнирінің қорытындысы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

RoboBastau білім беру жобасы аясындағы робототехника бойынша облыстық іріктеу турнирінің қорытындысы

 

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» аймақтық білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы «Группа Роботек» ЖШС-мен бірлесіп, 2026 жылғы 26 наурызда облыстың 8 мектебі арасында робототехника бойынша өңірлік іріктеу турнирін өткізді. Турнир «Қазцинк» компаниясының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан RoboBastau білім беру жобасы аясында ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың инженерлік-техникалық құзыреттерін дамыту және өңірде робототехниканы насихаттау.

Турнирге келесі мектептердің командалары қатысты: Өскемен қаласы – «№7 орта мектеп» КММ, «З.Ахметов атындағы №16 орта мектеп» КММ, «О. Бөкей атындағы №44 лицей» КММ, «№34 мектеп-лицей» КММ, «№11 мектеп-лицей» КММ, «№46 орта мектеп» КММ, ШҚО ББ Глубокое ауданы бойынша ББ «О. Бөкей атындағы орта мектеп» КММ, ШҚО ББ Ұлан ауданы бойынша ББ «Р. Марсеков атындағы орта мектеп» КММ.

Турнир барысында қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, робототехникалық жүйелерді құрастыру және бағдарламалау дағдыларын, сондай-ақ командада жұмыс істеу және инженерлік міндеттерді жедел шешу қабілеттерін көрсетті. Жарыстар оқушылардың алгоритмдік ойлауын және техникалық шығармашылығын дамытуға бағытталған бірқатар тәжірибеге негізделген пәндер бойынша өтті.

Жабылу салтанатында құттықтау сөзімен «Қазцинк» ЖШС-нің әкімшілік мәселелер жөніндегі атқарушы директоры Лазарев Андрей Павлович сөз сөйледі. Өз сөзінде ол жүзеге асырылып жатқан жобаның маңыздылығын атап өтіп, оның дамуы оқушылардың техникалық дағдылары мен білім деңгейін арттыруға, ғылым мен технологияға деген тұрақты қызығушылықты қалыптастыруға, сондай-ақ жоғары технологиялар саласында жаңа буын инженерлер мен мамандарды даярлауға ықпал ететінін айтты.

Сондай-ақ құттықтау сөзбен «Роботек» робототехника мектебінің негізін қалаушы әрі директоры Шалқарбеков Санжар Жақсыбекұлы сөз сөйлеп, білім алушыларды инженерлік және робототехникалық бағыттарға ерте жастан тартудың маңыздылығын, сондай-ақ оқушылардың практикалық дағдыларын дамытуға бағытталған білім беру бастамаларын қолдау қажеттігін атап өтті.

Номинациялар бойынша жеңімпаз командалар:

  • «Роботек» номинациясы – I орын Ұлан ауданы бойынша ББ «Р. Марсеков атындағы орта мектеп» КММ;

II, III орын «№46 орта мектеп» КММ;

  • «Инверстік сызық бойымен жарыс» номинациясы – І, ІІ орын «№7ортамектеп»КММ;

III орын «№46 орта мектеп» КММ;  

  • «Робот-жеткізуші» номинациясы – I орын «№7ортамектеп»КММ;

ІІ орын Ұлан ауданы бойынша ББ «Р. Марсеков атындағы орта мектеп» КММ;

ІІІ орын «О. Бөкей атындағы №44 лицей» КММ.   

Әр номинация бойынша бірінші орын алған қатысушылар 2026 жылғы 12–13 мамырда өтетін Robotek Grand Tournament Astana халықаралық чемпионатына қатысады.

Турнир қорытындысы бойынша облыста робототехникалық білім берудің дамуында оң динамика байқалады, оқушылардың инженерлік-техникалық бағыттарға қызығушылығы артуда. Осындай іс-шараларды өткізу дарынды оқушыларды анықтауға және қолдауға, олардың практикалық дағдыларын дамытуға, сондай-ақ жоғары деңгейдегі жарыстарға қатысуға дайындықты күшейтуге ықпал етеді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1188588?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді