
ШҚО-да «Қауіпсіз үй» рейдтік іс-шаралары өткізілуде
26–29 наурыз аралығында Шығыс Қазақстан облысының аумағында тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларға көмек көрсетуге бағытталған «Қауіпсіз үй» рейдтік іс-шаралары өткізілуде.
Іс-шара барысында полиция қызметкерлері білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау саласының өкілдерімен бірлесіп, пәтерлер мен аулаларды аралап, профилактикалық есепте тұрған тұлғаларды, сондай-ақ қолайсыз отбасыларды тексереді.
Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға, тұрмыстағы құқыққа қайшы әрекеттерді анықтауға, сондай-ақ халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуге ерекше назар аударылады.
Полиция азаматтарды бейжай қалмауға шақырады. Егер сіз құқық бұзушылықтың куәгері немесе құрбаны болсаңыз, дереу 102 нөміріне немесе 111 сенім телефонына хабарласыңыз.
Уақытылы хабар беру құқық бұзушылықтардың алдын алып, әр отбасының қауіпсіздігін сақтауға көмектеседі.
ШҚО ПД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1188686?lang=kk

Жауап қалдыру