ШҚО тұрғындарына «Таза Қазақстан» жобасын жүзеге асыруда жаңа міндеттер қойылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Облыс әкімдігінде өңірде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасын жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңес өтті. Оған облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысты.

ШҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметінше, биыл халықтың экологиялық мәдениетін арттыруға, елдімекендердің санитарлық тазалығын қамтамасыз етуге, абаттандыру жұмыстарын жүргізуге бағытталған кешенді іс-шаралар жоспарланған.

Шығыс Қазақстанда 2024-2029 жылдары жоспар бойынша 450 мыңнан астам көшет отырғызу көзделген, оның 248,5 мыңын 2024-2025 жылдары отырғызды. Биыл 111,2 мың ағаш егу жоспарлануда.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы іс-шараларға шамамен 150 мың адам қатысып, 259 техника бірлігі жұмылдырылып, 3 800 тонна қоқыс шығарылды. Жалпы 3 400-ден астам аула қоқыстан тазартылды.

Өңірде «Үлгілі ауыл» және «Таза аула – таза қала, аудан» байқауларын өткізу жоспарланған.

Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов жобаның қалалар мен аудандардың экологиялық жағдайын жақсартуда маңызды екенін атап өтті.

«Наурыз мейрамында ата-бабаларымыз балаларды тазалыққа үйреткен: ауланы сыпыру, қоқысты жинау, қоршаған ортаға құрметпен қарау. Бүгінде осы құндылықтарды сақтау маңызды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше рет айтып өтті. Тазалық – тек әкімдіктердің міндеті емес, әр отбасының жауапкершілігі. Барлығымыз күш біріктіріп, өңірімізді таза және көрікті ете аламыз», – деді облыс әкімі.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1187114?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді