Шымкентте жоғалған мектеп оқушысы табылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шымкент қаласында полицейлер жоғалып кеткен мектеп оқушысын іздеп тапты.

Кезекші бөлімге баланың оқу орнынан шығып, белгісіз бағытқа кетіп қалғаны туралы хабарлама түскен.

Хабар түскен бойда іздестіру жұмыстарына патрульдік инспекторлар жұмылдырылды. Полицейлер мектеп маңын толық тексеріп, баланың жүруі мүмкін бағыттарын қарастырды.

Арада 15 минут өткен соң оқушы қаланың сауда үйлерінің бірінен, мектептен шамамен алты шақырым қашықтықта табылды.
Полицейдің бейнетіркегіші баланың табылған сәтін түсіріп алған.

Полиция мұндай жағдайларда жедел әрекет етудің маңызды екенін атап өтіп, ата-аналар мен педагогтарды балаларға барынша мұқият болуға шақырады.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1187380?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді