
Аудан аумағында табиғи ортада тіршілік ететін тасбақалардың мекендеу орындары жеткілікті. Солардың бірі – «Түркістан мақта» алқабы. Көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысында аталған егістік аумағында кездескен тасбақаларды қорғау және олардың тіршілік етуіне қолайлы жағдай жасау мақсатында арнайы көшіру жұмыстары ұйымдастырылды.
Аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлының тапсырмасына сәйкес, табиғатқа зиян келтірмеу және жануарлар дүниесін сақтау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Аталған шараға «Тасбақа» табиғатты қорғау қорының директоры Цаугг Юлия Владимировна бастаған қор қызметкерлері, сондай-ақ инвесторлар тарапынан қолдау көрсетіліп, жалпы саны 50-ге жуық жұмысшы мен 6 арнайы техника жұмылдырылды.
Нәтижесінде бүгінгі күнге дейін 500-ге жуық тасбақа қауіпсіз аймақтарға көшірілді. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
Табиғатты қорғау – баршамыздың ортақ міндетіміз. Жануарлар дүниесіне жанашырлықпен қарап, қоршаған ортаны сақтау бағытындағы игі бастамалар тұрақты түрде жүзеге асырылатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-audany/press/news/details/1187959?lang=kk

Жауап қалдыру