23 наурыз – Тазару күні аясында Төлеби ауданында жалпыхалықтық сенбілік ұйымдастырылды. Аталған игі шараға мемлекеттік қызметшілер, аудандық мәслихат депутаттары , аудан тұрғындары, ардагерлер кеңесі, қоғамдық мүшелері және аудан жастары белсенді түрде қатысты.
Сенбілік барысында аудан аумағында ауқымды тазалық жұмыстары жүргізілді. Қатысушылар көшелерді, саябақтар мен демалыс орындарын, қоғамдық аумақтарды қоқыстан тазартып, айналаны абаттандыруға өз үлестерін қосты. Сонымен қатар, арық-атыздар тазаланып, ағаш түптері қопсытылып, жасыл желектер суғарылды.
Жалпы сенбілікке 2100 адам қатысып, 34 арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 18 тонна күл-қоқыс шығарылды.
Тазару күні – тек тазалық шарасы ғана емес, ол тұрғындарды бірлікке, жауапкершілікке және туған жерге деген жанашырлыққа үндейтін маңызды бастама. Осындай ортақ еңбектің арқасында ауданның келбеті көркейіп, тұрғындар үшін қолайлы әрі таза орта қалыптасады.
Жауап қалдыру