ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА ӘЗ-НАУРЫЗДА 50 АРДАҚТЫ АНА ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Көктемнің шуақты шуағымен бірге келген Наурыз мейрамы Түлкібас төрінде ерекше сән-салтанатымен аталып өтті. Ұлыстың ұлы күніне арналған мерекелік думан орталық «Жанкент» саябағында ұйымдастырылып, барша тұрғынға шаттық пен қуаныш сыйлады.
Ұлттық рух пен дәстүр сабақтастығы тоғысқан салтанатты жиында көпбалалы аналарға ерекше құрмет көрсетілді.
Аудан әкімі Асқар Естібаев алтын құрсақты аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» марапаттарын табыстап, ізгі тілегін жеткізді.
Іс-шарада 50 ана ардақты атаққа ие болып, ел дамуына қосқан өлшеусіз үлесі үшін аудан басшысының Алғысхатымен марапатталды. Бүгінде ауданда 2873 алтын құрсақты ананың болуы – берекелі отбасы мен баянды болашақтың жарқын көрінісі.
Мерекелік думан барысында ата-бабадан мирас болған салт-дәстүрлер жаңғырып, ұлттық құндылықтар кеңінен дәріптелді. Көрермендер тұсаукесер мен неке қию рәсімдерін тамашалап, Қазыналы қариялар ақ баталарын беріп, көпшілік қазақы болмыстың тереңдігін сезінді.
Сондай-ақ арқан тарту, қазақша күрес, қол күресі, гір көтеру, қошқар көтеру, нысана көздеу, ләңгі тебу сынды ұлттық ойындар ұйымдастырылып, қатысушылардың ептілігі мен күш-жігері сынға түсті. Жеңімпаздар лайықты марапаттарға ие болды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1187344?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді