
Бүгін Түркістан қаласындағы Майлы қожа көшесінің тұрғындары Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін өз аулаларында жоғары деңгейде атап өтті.
Мерекелік іс-шара барысында ұлттық ойындар ұйымдастырылып, ән мен күйден шашу шашылды. Сонымен қатар, тұрғындар ұлттық тағамдардан дәм ұсынып, арнайы безендірілген «Наурыз көше» әзірленді.
Аула тұрғындарының белсенділігі мен ұйымшылдығының арқасында мереке мазмұнды әрі әсерлі өтті.
Айта кетейік, Наурыз мейрамы алдағы күндері қаладағы секторларда да өз жалғасын табатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1187150?lang=kk

Жауап қалдыру