ТҮРКІСТАНДА ТАҒЫ БІР АЗ ҚАМТЫЛҒАН ОТБАСЫҒА БАСПАНА ТАБЫСТАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Түркістан қаласының «Отырар» мөлтек ауданының 1988 жылы туған азаматтары Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай игі бастама көтеріп, көпшілікке үлгі боларлық қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.
Мереке қарсаңында олар жалғызбасты анаға баспана кілтін табыстап, отбасының үлкен қуанышына себеп болды. Жұбайынан ерте айырылып, үш баласын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған Ләззат Сейітованың жағдайына бейжай қарамаған азаматтардың бұл әрекеті – қоғамдағы жанашырлық пен бауырмалдықтың айқын көрінісі.
Наурыздың басты мәні – мейірім, татулық және жақсылық жасау. «Отырар» мөлтек ауданы азаматтарының бастамасы осы құндылықтардың маңызын тағы бір мәрте дәлелдеп, қала жұртшылығына өнеге көрсетті.
Қайырымдылық шарасы мұнымен шектелмейді. 1988 жылғы азаматтар бұл эстафетаны келесі жылы 1990 жылы туған азаматтарға жолдап, игілікті істің жалғасуына ниет білдірді.
Айта кетейік, дәстүрге айналған қайырымдылық шараның түп-тамыры «Бекзат» мөлтек ауданынан бастау алып, аталған мөлтек аудан жастары бүгінгі күнге дейін 20 отбасының баспаналы болуына себепші болған. Кейіннен игілікті іс «Шауғар» мөлтек ауданында жалғасын тауып, енді «Отырар» мөлтек ауданы азаматтарының қолдауымен жалғасып отыр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1187151?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді