Түркістан қаласындағы «Керуен сарай» кешені аумағында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы тойланды. Мерекелік іс-шараға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы қатысып, жұртшылықпен бірге ұлттық мерекенің шаттығын бөлісті. Сондай-ақ салтанатты жиынға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров те қатысты.
Салтанатты шара барысында республика мен Түркістан облысының өнерпаздары сахна төрінде өнер көрсетіп, қазақтың бай мәдени мұрасы мен рухани құндылықтарын кеңінен насихаттады.
Мереке аясында ұлттық нақышта безендірілген киіз үйлер тігіліп, халқымыздың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары кеңінен таныстырылды. Қонақтар қазақтың тұрмыс-тіршілігімен жақынырақ танысып, ұлттық тағамдардан дәм татты. Сонымен қатар қазақтың ұлттық ойындары ұйымдастырылып, көпшілік асық ату, арқан тарту, тоғызқұмалақ сынды дәстүрлі спорт түрлерін тамашалады.
Ұлыстың ұлы күнін атап өтуде ұлттық құндылықтарымыз ұлықталып, мәдениетіміз дәріптелді. Түркістан төріндегі мерекелік шаралар халықтың зор ықыласына бөленіп, елдің бірлігі мен берекесін айшықтай түсті.
Айта кетейік, Ұлыстың ұлы күні жаңа атшабарда да өтіп жатыр. Наурыз думаны атшабарда 22 наурызда да жалғасын табады.
Жауап қалдыру