
Үкіметтік емес ұйымдар мен еріктілердің бастамасымен ұйымдастырылатын іс-шаралардың халықтың құқықтық мәдениетін арттырудағы маңызы зор. Осындай шаралар азаматтардың құқықтық сауаттылығын көтеруге, заң талаптарын түсінуіне және құқықтық ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз етуге ықпал етеді.
Осы орайда аталған бағыттағы жұмыстарды қолдау және қоғаммен өзара іс-қимылды нығайту мақсатында Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің басшысы С.Нұрғалиев квиз-ойынына қатысып, шара барысында қатысушыларға құқықтық мәдениетті арттырудың маңыздылығы жөнінде өз пікірін білдірді.
Кездесу барысында құқықтық сауаттылықты арттыру, азаматтардың құқықтары мен міндеттері туралы ақпараттандыру, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар мен еріктілердің қоғамдағы рөлі туралы мәселелері атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-mng/press/news/details/1187999?lang=kk

Жауап қалдыру