
Үлкеншыған ауылдық округінде 22 Наурыз мейрамына орай кең көлемді мерекелік іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды. 22 наурыз күні өткен салтанатты жиынға ауыл тұрғындары, ақсақалдар, жастар мен қонақтар белсене қатысып, ұлттық дәстүрімізді дәріптейтін мазмұнды бағдарлама ұсынылды. Мереке барысында ұлттық ойындар ойнатылып, салт-дәстүрлеріміз жаңғыртылып, ән мен күйден шашу шашылды. Іс-шара аясында ауыл өнерпаздары өз өнерлерін көрсетіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар, ұлттық тағамдардан дастархан жайылып, қонақтарға ақжарма тілектер айтылды. Аталған мерекелік шара ауыл тұрғындарының бірлігін нығайтып, ұлттық құндылықтарды ұлықтауға үлкен үлес қосты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-panfilov-ulkenshagan/press/news/details/1188560?lang=kk

Жауап қалдыру