
Лепсі ауылдық округінде Ұлттық киім кию күні жоғары деңгейде аталып өтті. Бұл күні ауыл тұрғындары мен жастар ұлттық нақыштағы киімдер киіп, ата-бабамыздың салт-дәстүрін дәріптеді. Іс-шара барысында ұлттық мәдениетімізге деген құрмет көрсетіліп, ерекше атмосфера қалыптасты. Ұлттық киім – ұлттың айнасы екенін тағы бір мәрте дәлелдеген бұл күн көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-lepsi/press/news/details/1188922?lang=kk

Жауап қалдыру