Ұлыстың ұлы күні — бірлік, дәстүр және көктемгі жаңару мерекесі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мейрамы биыл да қала өміріне ерекше сән беріп, шынайы қуаныш пен бірлік рухында аталып өтті. Бұл — табиғат түлеп, тіршілік жаңаратын, адамдардың жүрегі жылылыққа толатын ерекше кезең.

Мерекелік бағдарлама аясында отбасылар балаларымен бірге спорттық жарыстарға қатысып, өнерпаздардың әсем әні мен биін тамашалады, ұлттық қолөнердің қыр-сырымен танысты. Этноауылдағы киіз үйлер ата дәстүрдің тереңдігін сезіндірсе, заманауи технологиялар мен ұлттық құндылықтарды ұштастырған «Болашақ киіз үйі» көпшілікке жаңа әсер сыйлады. Ал дастарханнан ұсынылған бауырсақ мерекеге ерекше жылулық пен шынайы көңіл-күй сыйлады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-rudnyi-kalasy-akimat/press/news/details/1188230?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді