
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаменті 2026 жылғы 18 наурызда «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС «Жомарт» кенішінде жазатайым оқиға орын алғанын хабарлайды.
Медициналық қорытындыға сәйкес, алынған жарақат ауыр өндірістік жарақаттар санатына жатады.
Қазіргі уақытта Департамент тарапынан комиссия құрылып, оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтау бойынша тергеп-тексеру жүргізілуде.
Тексеру қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қабылданатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-enbek/press/news/details/1188207?lang=kk

Жауап қалдыру