Велотрек: Азия чемпионында ерлер командасы Қазақстан рекордын жаңартып, үздік бестікке кірді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бұл күндері Филиппиннің Тагайтай қаласында велотректен Азия чемпионаты өтіп жатыр.

Бүгін ерлер командасы арасындағы із кесу жарысында Қазақстан құрамасы 4-нәтиже көрсетіп, Қазақстан рекордын жаңартты. Уақыт көрсеткіші – 3:54.251 секунд. Ұлттық құрама сапында Әлішер Жұмақан, Рамис Дінмұхаметов, Илья Карабутов, Дмитрий Носков пен Максим Хорошавин сынға түсті.

Жүлдегерлер:
1. Қытай
2. Жапония
3. Оңтүстік Корея

Айта кетейік, сары құрлық бәсекесіне 19 мемлекеттен 300-ден астам спортшы қатысып жатыр. Чемпионат 31 наурызда аяқталады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1187186?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді