
ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 40-ТАН АСТАМ БҰЛАҚ КӨЗІ АШЫЛДЫ
«Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы Түлкібас ауданында қарқынды жалғасын табуда. Наурызнама онкүндігінің Тазару күні бастау алған науқан аясында аудан аумағындағы 40-тан астам бұлақ көздері ашылып, оған 3 мыңнан астам ауыл ардагерлері мен тұрғындары, жастар мен белсенділер және мекеме қызметкерлері атсалысты.
Дәл сондай тазалық іс-шарасы бүгін Машат ауылдық округіне қарасты Еңбекші ауылындағы Бөбеш пен аудан орталығындағы Майлыкент бастауларында жалғасын тапты.
Бұл жерде ардагерлер бастаған ауыл тұрғындары бұлақ басына жиналып, тазалық акциясына белсене қатысып, бастау айналасына тал отырғызып, ұлттық салт-дәстүрді насихаттады.
Аудан әкімі Асқар Естібаев маңызды істі жандандыруға ұйытқы болған ауыл ақсақалдары мен ақжаулықты әжелерімізге және ауыл азаматтарына алғысын жеткізіп, ризашылығын білдірді.
Ауыл ақсақалдары бата беріп, еліміздің амандығын тіледі.
Бұлақ көзін тазалау шарасынан соң, бүкіл ауыл ұлттық тағамдардан жайылған дастарқаннан ауыз тиіп, ауыл клубының ұйымдастырған концерттік бағдарламасын тамашалады.
Айта кетерлік, бүгінгі таңда Түлкібас ауданында 7 өзен бастау алып, елді мекендер маңындағы 53 бұлақ халық игілігіне қызмет етіп келеді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
——————-
ТУРКЕСТАН: В ТЮЛЬКУБАССКОМ РАЙОНЕ В РАМКАХ АКЦИИ «МӨЛДІР БҰЛАҚ» РАСЧИЩЕНО БОЛЕЕ 40 РОДНИКОВ
Экологическая акция «Мөлдір бұлақ» набирает обороты в Тюлькубасском районе. В рамках кампании, стартовавшей в День очищения декады «Наурызнама», на территории района было очищено более 40 родников. В работах приняли участие свыше трех тысяч человек, среди которых ветераны труда, местные жители, молодежь, общественные активисты и сотрудники государственных учреждений.
Аналогичные мероприятия по наведению чистоты прошли сегодня у родника Бобеш в селе Енбекши Машатского сельского округа и родника Майлыкент в районном центре.
Жители сел во главе с ветеранами дружно вышли на очистку прибрежных зон, занялись благоустройством территорий и высадкой саженцев деревьев, тем самым продвигая традиции бережного отношения к природе.
Аким района Аскар Естибаев выразил благодарность старейшинам и всем жителям села, выступившим инициаторами этого важного дела. В завершение встречи аксакалы дали свое благословение, пожелав стране процветания и мира.
После завершения работ по очистке родников для участников был организован праздничный дастархан с национальными блюдами и концертная программа, подготовленная работниками сельского клуба.
В Тюлькубасском районе берут начало семь рек, а 53 родника, расположенные вблизи населенных пунктов, активно используются населением.
Пресс-служба акима Туркестанской области
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1188113?lang=kk

Жауап қалдыру