Жарқайың ауданында кәмелетке толмағандардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғау мәселелері бойынша ведомствоаралық әдістемелік кеңес өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 27 наурызда Жарқайың ауданының білім бөлімі базасында ведомствоаралық әдістемелік кеңес өткізілді. Іс-шараның модераторы әрі ұйымдастырушысы Исаева Г.Ж. болды.

Әдістемелік кеңеске мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мектеп психологтары, полиция өкілдері және кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияның (КДН) мүшелері қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайту, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыру.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zharkain/press/news/details/1188818?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді