Жемістердегі жасырын энергия: жас зерттеушілердің ерекше жаңалығы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтөбе облысы, Шалқар қаласындағы №2 мектеп-гимназиясының 2-сынып оқушылары Абдулкәкім Мәриям мен Мұқанбетқали Айназ қызықты жаңалық ойлап тапты. Олар жемістер мен көкөністердің көмегімен электр энергиясын алуға болатынын дәлелдеді.

Оқушылар зерттеу барысында жемістер мен көкөністердің құрамындағы қышқыл мен тұз металлмен әрекеттескенде әлсіз электр тогы пайда болатынын анықтады. Тәжірибе жасау үшін лимон, картоп және алма қолданылды. Нәтижесінде лимон шамамен 0,9 В, картоп 0,8 В, ал алма 0,3 В электр энергиясын беретіндігі байқалды.
Бұл энергияның көмегімен кішкентай шамды жағуға немесе электронды сағатты жұмыс істетуге болады. Оқушылардың бұл жаңалығы табиғаттағы қарапайым заттардың өзі энергия көзі бола алатынын көрсетеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-bilim/press/news/details/1188092?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді