Жер қатынастары саласының мамандары марапатталуы туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылдың 20 наурызда облыс әкімінің орынбасары Қ.Айтмұхамбетовтің төрағалымен «Жерге орналастыру, геодезия және картография» кәсіби мерекесі аталып өтті.

Облыс әкімінің орынбасары Қ.Айтмұхамбетов өз сөзінде «Жер қатынастары күрделі әрі даулы сұрақтары көп сала екендігін осы отырғандар барлығы жақсы түсінеді.
Әрбір жаңа бастама, күнделікті жұмыс бағыты ол кәсіпкер болсын, жеке адамдар болсын, біріншіден жермен байланысты.
Осы кезеңдерде, Сіздердің білімдеріңіз, тәжірбиелеріңіз бен жауапкершіліктеріңіз көрінеді.
Жергілікті жерлерде мамандардың аздығына, жер учаскелеріне қатысты өтініштердің көптігіне қарамастан өздеріңіздің басшылығыңызбен, осы саладағы жұмыстарды бірлесіп атқарып келеміз, сол үшін өз алғысымды білдіремін.
2022 жылдан бері 750 мыңнан астам гектар пайдаланылмай жатқан жерлер мемлекет меншігіне қайтарылды. Осы шараның толық орындалауы тікелей аудандық (қалалық) жер бөлімдерінің арқасы» деп атап өтті.

Осы шара барысында бірде бір маман марапаттаусыз қалмады.

Ақжайық ауданының жер қатынастары бөлімінің басшысы Н.Мутиев, Қаратөбе ауданының жер қатынастары бөлімінің басшысы Н.Бозов, облыстық жер қатынастары басқармасының бас маманы А.Бермағамбетова «Құрметті жерге орналастырушы» төс белгісімен марапатталды.

Орал қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы М.Мухитов пен облыстық жер қатынастары басқармасының бөлім басшысы А.Амангелдиева «Үздік жерге орналастырушы» Құрмет Дипломымен марапатталды.

Басқа да мамандарымыз облыс әкімі Н.Төреғалиевтің, облыс әкімінің орынбасары Қ.Айтмұхамбетов пен облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Н.Мақсотовтың алғыс хаттарымен марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-zher/press/news/details/1187558?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді