ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу және тұрғындардың өтініш-тілектерін жедел қарау мақсатында Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Бекбол Аманжол Бақытжанұлы азаматтарды жеке қабылдады. Қабылдау бекітілген кестеге сәйкес өткізіліп, алдын ала жазылған тұрғындардың өтініштері жан-жақты тыңдалды.
Қабылдау барысында тұрғын үй кезегіне қою және кезектен шығару, сондай-ақ кәсіпкерлікке қолдауға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.
Аманжол Бақытжанұлы азаматтарды жеке қабылдауды әр аптаның жұма күні бекітілген кестеге сәйкес өткізеді. Қабылдауға «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі немесе Азаматтарды қабылдау орталығы арқылы алдын ала жазылуға болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1189098?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді