Құрметті Түркістан қаласының тұрғындары мен қала қонақтары!

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Сіздерді Түркістан қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен және “Аманат партиясының қолдауымен”өткелі отырған Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесінің қарсаңында “Құрмет” орденінің және “Алтын” домбыраның иегері, Түркістан қаласы мен Отырар ауданының құрметті азаматы, айтыскер ақын Бекарыс Шойбековтің 50 жас мерейтойына арналған “Алаштың Бекарысы- айтыстың Бейбарысы” атты Республикалық “Наурыз” ақындар айтысына шақырамыз!
Аламан айтысқа Мақсат Ақанов, Мұхтар Ниязов, Анар Жаппарқұлова, Жансая Мусина, Еркебұлан Қайназаров, Мейірбек Сұлтанхан, Иранғайып Күзенбаев бастаған кіл жүйріктер қатысады.
Айтысымызда қазылар алқасының төрағасы: Ақын, “”Отан” орденінің иегері, Қазақстанның халық жазушысы Жүрсін Ерман.
Айтыстың жүргізушісі: Қазакстанның еңбек сіңірген қайраткері, “Парасат” және “Құрмет” ордендерінің иегері, айтыскер ақын Аманжол Әлтай
Айтыс 2026 жылдың 22 наурыз күні сағат 14:00-де
ҚОЖА АХМЕТ ЯССАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ МӘДЕНИЕТ САРАЙЫДА ӨТЕДІ.
КІРУ ТЕГІН. КЕЛІҢІЗДЕР аламан жыр бәйгесін бірге тамашалайық!!!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1187088?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді