ТҮРКІСТАНДА 500-ДЕН АСТАМ АҒАШ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін 23 наурыз – Тазару күніне орай Түркістан қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында кең ауқымды сенбілік өтті.
Тазалық шарасына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбек, шаһар басшысы Әзімбек Пазылбекұлы және қала тұрғындары ат салысты. Игі істе өңірдегі жастар, студенттер мен зейнеткерлер, сондай-ақ, әкімдік қызметкерлері белсенділік таныттты.
Шара аясында «Жібек жолы» саябағына 520 түп ағаш отырғызылды. Олардың қатарында каталпа, ясень, қылқанжапырақты ағаштар, қара ағаш және терек түрлері бар. Жалпы аумағы 30 гектарға жуық саябақта бүгінге дейін 10 мыңға жуық ағаш егілген.
Алдағы уақытта Түркістан қаласында «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасын табады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1187094?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді