
Жолдыбаев Серік Сағадиұлы 1993 жылы 29 сәуiр күні Алматы облысы, Талдықорған қаласында дүниеге келген. 2011-2015 жылдар аралығында І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін қоршаған ортаны қорғау жəне өмір тіршілігінің қауіпсіздігі мамандығын, 2015-2017 жылдар аралығында құқықтану мамандығы бойынша білім алған. 2014-2017 жылдар аралығында «Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылдық округі əкімі аппаратының жастар ісі жөніндегі нұсқаушысы, 2017-2022 жылдар аралығында Ескелді ауданының жастар ресурстық орталығының жетекшісі, 2022 – 2026 жылдар аралығында «Eskeldy jastary» орталығының жетекшісі болып қызмет атқарған. 2026 жылдың 30 наурызында Ескелді ауданы әкімінің өкімімен Ескелді ауданының бизнесті қолдау және туризм бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-eskeldy/press/news/details/1189868?lang=kk

Жауап қалдыру