
2026 жылғы 17 наурызда Алматы қаласында «Дәрілік қамтамасыз ету. Тұрақты үдерістер. Заманауи тәсілдер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Аталған іс-шара Қазақстан Республикасы фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығы тарапынан Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен, Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетімен, Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығымен, «СК-Фармация» ЖШС-мен, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті және GAUDEAMUS халықаралық білім беру холдингімен бірлесіп ұйымдастырылды.
Дөңгелек үстел жұмысына Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті де қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-almaty/press/news/details/1189236?lang=kk

Жауап қалдыру