Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық комиссияның отырысы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 27 наурызда Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары А.Б. Нугертаеваның төрағалығымен Көкшетау қаласы әкімдігінде әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық комиссияның отырысы өтті.

Жұмыс басталар алдында орынбасар қатысушыларды әлеуметтік әріптестік жөніндегі комиссия құрамына енгізілген жұмыс берушілердің жаңартылған құрамымен таныстырды.

Комиссия отырысына «Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ, «ҚР ЕХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті» РММ, Мемлекеттік кірістер басқармасы өкілдері, сондай-ақ әлеуметтік әріптестік тараптары қатысты.

Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды: Бірыңғай цифрлық платформаны (ЕЦП) енгізу және пайдалану жұмыстарын ұйымдастыру, еңбек шарттарын Бірыңғай еңбек шарттарын есепке алу жүйесінде электрондық форматқа көшіру мониторингі, кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету және өндірістік жарақаттанудың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар, сондай-ақ жалақы төлеуді жүйелі түрде кешіктіретін кәсіпорындардағы әлеуметтік аударымдардың уақытылы төленуі мәселесі.

Талқылау қорытындысы бойынша жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sobes-kokshetau-akmo/press/news/details/1189634?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді