
Филиппиннің Тагайтай қаласында өтіп жатқан велотрек бойынша Азия чемпионатында кезекті жарыс күні аяқталды.
Бүгін 10 шақырым қашықтықтағы скрэтч бағдарламасы бойынша топтық жарыста Әлішер Жұмақан күміс жүлдегер атанды. Алтын медаль қытайлық спортшыға бұйырса, жүлделі үшінші орынды Гонконгтан келген велошабандоз иеленді.
Әйелдер арасындағы скрэтч жарысында Рината Сұлтанова жүлдеге бір қадам жетпей, 4-орынға тұрақтады.
Айта кетейік, бұған дейін осы чемпионатта Жұмақан ұпай жүйесі бойынша топтық жарыста да күміс медаль жеңіп алған еді.
Бүгін Қазақстанның жасөспірімдер құрамасының да қоржыны толықты. 20 шақырым қашықтықтағы омниум жарысында Мұрат Күйтенов күміс жүлде еншіледі.
Құрлық чемпионат 31 наурызда аяқталады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1190076?lang=kk

Жауап қалдыру